Конгресс туралы

Өзектілігі

Қазақстанда, бүкіл әлемдегідей, сапалы қоршаған орта мен экологиялық проблемаларды шешу  –  күн өткен сайын маңызды да өзекті мәселеге айналып отыр.

Нәтижесінде, Қазақстанда 3 жыл бойы үздік халықаралық тәжірибелерді, атап айтқанда, ЭЫДҰ елдерінің экология және тұрақты даму саласындағы қағидаттарын енгізуге бағытталған үлкен экологиялық реформа жүріп жатыр.
Реформаның сәттілігі көбінесе экономиканың трансформациясына және төмен көміртекті дамуға ғана емес, сонымен бірге ғылымды қажет ететін және технологиялық салалардың ұлғаюына әкелетін Үкіметтің шоғырландырылған іс-қимылдарына байланысты болады.

Әрине, бұған тек Экология министрлігінің күшімен қол жеткізу мүмкін емес және Үкіметтің экономикалық және өнеркәсіптік блоктары тарапынан қолдауды қажет етеді.
Бұдан басқа, экологиялық реформа ірі өнеркәсіптік компаниялардың ТОП-менеджменті мен жұртшылықтың қолдау көрсетіп,  түсіністік танытуын талап етеді, олардың рөліне жаңа Экологиялық кодексте зор мән беріледі.

Осыған байланысты экология және тұрақты даму саласында білім, тәжірибе және құндылықтармен алмасу үшін кең сараптамалық диалог алаңын құру қажет, оған мемлекеттік сектордың, бизнестің және халықтың өкілдері тартылатын болады.

Өкінішке орай, қазір Қазақстанда мұндай платформа қалыптаспаған. Тар шеңберде мамандандырылған алаңдар бар, онда тек бір сектордың немесе саланың сарапшылары жиналады, олар көбінесе саяси мемлекеттік қызметшілердің және мүдделі жұртшылықтың қатысуынсыз мамандандырылған. Оларға: бірінші кезекте қалдықтарды өңдеуге арналған Green energy & waste recycling forum (GEWR), Халықаралық жаңартылатын энергия көздері жөніндегі саммит, Халықаралық жаңартылатын энергия көздері жөніндегі іскерлік фестиваль және басқалары жатады. Экология мәселелері өнеркәсіп призмасында салалық форумдардан басқа «KAZENERGY» қауымдастығы форумының, «MINEX-Қазақстан» тау-кен-геологиялық форумының, Халықаралық тау-кен металлургия конгресінің және т.б. жекелеген сессияларында талқыланады. Экология мәселелеріндегі экономикалық және қаржылық аспектілер Астана экономикалық форумында талқыланады. Осылайша, «жасыл» сектор компанияларының, өнеркәсіпшілердің, экономистер мен саясаткерлердің, эко-белсенділердің тұрақты даму мәселелері бойынша шоғырландырылған ұстаным қалыптастыруына және ел басшылығы белгілеген мақсаттарға қол жеткізу бойынша ұсынымдар әзірлеуіне арналған ортақ диалог алаңы жоқ.

Осыған байланысты «ECOJER» қауымдастығы «ECOJER» халықаралық конгресі «бұдан әрі – «ECOJER» конгресі түрінде біріктіруші сараптамалық диалог платформасын құру мақсатқа лайық деп санайды.

«ECOJER» конгресінің мақсаты

Жоғары және орта басқарушылық буын деңгейінде мемлекеттік органдардың, қаржы-өнеркәсіптік топтардың, тұрақты даму саласындағы эко-белсенділер мен сарапшылардың, «жасыл» бизнес компанияларының және халықаралық донор ұйымдардың, мүдделі жұртшылықтың күш-жігерін мынадай міндеттерді шешу үшін біріктіру:

  • Қазақстан Республикасының Үкіметіне экология және тұрақты даму, сондай-ақ Қазақстанға «жасыл» инвестициялардың үлесін ұлғайту мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;
  • Қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму мәселесі бойынша тәжірибе және құзырет алмасу;
  • b2b-қатынастарды дамыту және бірлескен «жасыл» жобаларды құру үшін жағдай жасау;
  • Қоғамның хабардарлығын арттыру және экологиялық мәдениетін арттыру;
  • Тұрақты даму идеясын насихаттау

Нысаналы аудитория

Саяси мемлекеттік қызметшілер және мемлекеттік органдардың орта буын басшылары, қаржы-өнеркәсіптік топтардың ТОР және Middle менеджменті, эко-белсенділер, тұрақты даму саласындағы сарапшылар, «жасыл» бизнес компанияларының және халықаралық донор ұйымдардың өкілдері.

«ECOJER» конгресі тақырыбының түйінді мәселелері

Экономиканы декарбонизациялау және трансформациялау, циркулярлық экономиканы дамыту, экологиялық стартаптар мен инновацияларды, тұрақты қалаларды, экологиялық мәдениет пен ағартуды, су ресурстары мен биоалуантүрлілікті қолдау және дамыту мәселелеріне арналады. «ECOJER» конгресінің толығырақ архитектурасы қосымшада келтірілген.
Өтетін форматы: «ECOJER» конгресінің сессиялары бейне-конференц-байланыс арқылы (бұдан әрі – БКБ) және Facebook және Youtube алаңдарында жеке сессияларды тікелей трансляциялау арқылы оффлайн өтеді. Мұндай формат қаржы шығындарын азайтуға, аудиторияны көбірек тартуға және қолда бар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға мүмкіндік береді.

ECOJER қауымдастығы туралы ақпаратты www.ecojer.kz сайтынан қарауға болады.