Демеушілер мен серіктестер

Серіктестер

Демеушілер

Алтын демеуші:

KAZZINC

«Казцинк» – мыс, бағалы металдар және қорғасын сияқты ілеспе металл түрлерін көптеп қоса өндіретін интеграцияланған ірі мырыш өндіруші. Компанияның негізгі кәсіпорындары Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарында орналасқан. 25 жыл ішінде «Казцинк» табиғатты қорғау шараларына 100 млрд теңге жұмсады. Өндірістік қалдықтардың 18 түрі пайдаланылады және қайта өңделеді. Толық су айналымы 98-ден % асады. Жаңа технологиялардың дамуына қарай, компания қоршаған ортаға әсерді төмендету үшін ең үздік тәжірибелерді енгізуді жалғастыруға ниетті.

Күміс демеуші:

Qazaq Oil –сапаны тікелей бақылау жүйесімен сапалы тауарлар мен қызметтерді ұсыну. Жылдың соңына дейін бүкіл Қазақстан бойынша жүзге тарта жаңа ЖМҚС ашылады. Сапалы бензинді жақсы бағаға құйып ал. Әрбір 5-інші автокөлік иесі бізге сенім артады. Біз мұнай өнімдерін үлкен және кіші көтерме бағамен сатамыз, отын сапасын сараптау, мұнай өнімдерін сақтау және тасымалдау қызметтерін ұсынамыз. Qazaq Oil желісінде мұнай өнімдерінің сапасын бақылаудың аккредиттелген үш сынақ зертханасы бар.

Polymetal-Ресей мен Қазақстанда активтері бар бағалы металдарды өндіру бойынша көшбасшылардың бірі. Әлемдегі алтын өндіретін үздік 10 компанияның қатарына кіреді. Қазақстанда «Варваринское» АҚ, «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС, «Комаров тау-кен кәсіпорны» ЖШС орналасқан. Компания экологиялық, климаттық, цианидті менеджмент жүйелерін ендірді және оларды қолдайды, таза суды тұтынуды қысқарту және өндірісте айналмалы сумен жабдықтау жұмыстарын жүргізеді, энергия тиімді жобаларды (ЖЭК) ендіруде, сондай-ақ Polymetal 2030 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын 30% – ға төмендету бойынша ұзақ мерзімді мақсатқа бет бұрды.

Қола демеушілер:

«Қазақмыс» компаниясы Тобының басымдылықтарының бірі өндірістік бөлімшелерді пайдалану кезінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады. Қазақмыс қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға бағытталған бірқатар іс-шараларды жүзеге асыруда. Олардың ішінде – атмосфераға зиянды шығарындыларды азайту, сарқынды суларды ұтымды пайдалану мен тазарту, қалдықтарды кәдеге жарату мен қайта өңдеу, энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар. Экологиялық мәселелерді шешу мақсатында табиғатты қорғау іс-шараларының кешені іске асырылды, оның ішінде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асыруға соңғы 3 жылда 97 млн.теңге жұмсалды, 2022 жылға 1,2 млрд. теңге жұмсауды жоспарлануда (ЖМЗ жаңа күкірт қышқылы цехын жобалауға арналған шығындарды ескере отырып).

Серіктестер

Ақпараттық серіктестер: